Aresa туралы

ARESA сауда таңбасы - бұл түрлі бағыттағы тұрмыстық техниканың кең ассортименті. Бренд тұжырымдамасын 2006 жылы белорус компаниялар тобы неміс серіктестерімен бірлесіп құрды. Алғашқы сатылымдар 2007 жылы басталды. Нарықта жұмыс істеген уақыт ішінде марканың артынан сапаны бақылауға, стильді әдеттегіден тыс дизайн мен функцияларға, сондай-ақ, тұтынушыға деген қамқорлыққа ерекше көңіл бөлетін техниканың имиджі тұрақтап қалды. ARESA бірнеше мәрте нарыққа басқа сауда таңбалары арасында кездестіруге болмайтын мүлдем жаңа өнімдерді табысты түрде шығаратын компания атанды. Компания инженерлерінің де, тұтынушыларының да жаңа идеяларына әрдайым назар аударады және оларды өмірде енгізеді. Сондықтан ARESA техникасы әрдайым жетілдірілуін тоқтатпайды деп әділ түрде айтуға болады.

ARESA сауда таңбасы тұрмыстық техника нарығында өз орнын тапты. Бүгінгі күні марка ұсынатын тауарлар ассортименті тіпті ең талғампаз клиенттердің талаптарына жауап бере отыра, екпіндеп өсуде. Бөлшек сауда сатушыларының оң ұсынымдары, тұтынушылардың жақсы жауаптары мен ой-пікірлері өнімнің жоғары рейтингін қалыптастырады, сауда таңбасының танымалдылығын қамтамасыз етеді және бұдан әрі дамуына тиісті қарқын береді.

Біздің тауарлар – бұл жай ғана тұрмыстық заттар емес. Біз беріктік пен қауіпсіздікке, сенімділік пен ыңғайлылыққа кепіл бере отыра, клиенттерімізге арнап материалдық емес құндылықтарды ойлап шығарамыз. Қауіпсіздік мәселелеріне көзқарасымыз өзгеше, сондықтан көптеген өнімдер үшін компания міндетті сертификаттаудан басқа, өз тауарларының сапасына қосымша ерікті санитариялық-гигиеналық сынақтарды жүргізеді. Осылайша, ARESA тұрмыстық техникасын сатып ала отыра, тұтынушы өз өмірін жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар қауіпсіз қылатынына сенімді бола алады.

ARESA озық белорус өнеркәсіп иелері мен неміс технологияларының үздік тәжірибесін іске асыруда, жаңашыл әдіс-тәсілдерімен, жаңа технологиялық шешімдерді қолдануымен және еуропа сапасымен ерекшеленеді. Компания табысының көзі – тұтынушыға ерекше назар аудара отырып, брендті жылжытудың жоғары идеясына негізделген мақсатты, жауапты қызметкерлер.

сауда таңбасы тұрмыстық техника нарығында өз орнын тапты. Бүгінгі күні марка ұсынатын тауарлар ассортименті тіпті ең талғампаз клиенттердің талаптарына жауап бере отыра, екпіндеп өсуде. ARESA бренді Шығыс Еуропаның көптеген мемлекеттерінде, Ресейде, Балтық жағалауы елдерінде, Кавказ және Орталық Азия елдерінде техниканың көптеген түрлерін сату бойынша танылған көшбасшылардың бірі атанды. Бөлшек сауда сатушыларының оң ұсынымдары, тұтынушылардың жақсы жауаптары мен ой-пікірлері өнімнің жоғары рейтингін қалыптастырады, сауда таңбасының танымалдылығын қамтамасыз етеді және бұдан әрі дамуына тиісті қарқын береді.